Мемлекеттік қызметшіге теңестірілген тұлғаның жеке кәсіпкерлікпен айналысатыны анықталды

2739
Adyrna.kz Telegram

«Әділдік жолы» РҚБ Орал қ. Филиалымен интернеттегі ашық мәліметтерден мемлекеттік қызметшіге теңестірілген тұлғаның жеке кәсіпкерлікпен айналысатыны анықталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабына сай, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауына жол бермеу мақсатында, өздеріне мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруда шектеулерді қабылдайды.

Алайда, Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылдық округінің әкімі Алибек Нариманович Лукпановтың атына «ет алу үшін ірі қара малын өсіру» бағыты бойынша «Даулетхан» шаруа қожалығы ашылған (https://allcompanies.by/kz/company?query=880102301113_lukpanov-alibek-narimanovich).

22.02.2022 ж. әкім А.Н. Лукпановқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 154-бабы (Қазақстан Республикасының заңнамасында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салу белгiленген адамның осындай қызметпен айналысуы) бойынша әкімшілік іс қозғау үшін БҚО Антикор қызметіне хат жолдадық.

11.03.2022 ж. Жаңақала аудандық сотының қаулысымен А.Н. Лукпанов қатысты ӘҚБтК-нің 154-бабымен кінәлі деп танылып, оған 428 820 теңге айыппұл салынды.

Сотта ол өз кінәсін толық мойындады.

Бауыржан Закиұлы

Пікірлер