Ақтөбе облысында Наурыз мейрамы ауқымды тойланып жатыр

2662
Adyrna.kz Telegram

Мерекелік шара Ақтөбе қаласы мен облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылған. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ақтөбеліктермен мерекелік қуанышты бөлісті.

Өңір басшысы облыс орталығында «Ұлыстың Ұлы күні» мәдени-көпшілік шаралар өтіп жатқан бірнеше алаңға барды.

«Сіздерді ұлы мереке - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жылдың басталуымен біз ең асыл тілектерді біріктіріп, белгілі бір мақсаттар қоямыз. Алайда ештеңе өздігінен келмейді. Қолайлы өмір нақты іс пен тиімді әрекеттің нәтижесі болып табылады. Өзгеріс әрқайсысымыздан басталады, сол үшін санамызды өзгертіп, сөзден іске көшкеніміз жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында алдағы жаңару мен жаңғыруға деген батыл қадамдар көрсетілген. Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарды қоғамымызды қайта форматтау, жаңа Қазақстанды құрудың негізі ретінде қабылдау керек. Біз ауқымды міндеттерді сапалы әрі өнімді орындау үшін жұмыла қимылдауымыз қажет. Наурыз игі істер мен позитивті өзгерістердің бастауы болсын! Еліміз бен әр отбасыға құт-береке, келісім әкелсін!»,- деді ақтөбеліктерді құттықтаған Оңдасын Оразалин.

Мәдени-көпшілік шаралар облыс орталығының Тұңғыш Президент атындағы саябақта, Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда, Есет батыр (Нұр Ақтөбе) тұрғын үй алабында, Абай бульварында, Ретропаркте, «Денсаулық» саябағында, Қурайлы, Нокин, Жаңақоныс, Сазды тұрғын үй алаптарындағы мәдениет үйлерінде, сонымен қатар, «Керуен сити»ойын-сауық – сауда орталығында өтуде.
Киіз үйлер тігіліп, театрландырылған көріністер, қолөнершілердің көрме-жәрмеңкелері, сауда орындары, спорттық ойындар, алтыбақандар, тазы мен төбет иттердің көрмесі және т.б. ұйымдастырылды.


Сондай-ақ, халық дәстүрлі Наурыз көже мен бауырсақтардан ауыз тиді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер