Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді - Сүлейменов

3044
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді және Қырым мен Донбасс аумақтары мәселелері бойынша БҰҰ-ның шешімдерін ұстануға ниетті, деп мәлімдеді Euractiv басылымына берген сұхбатында Қазақстан Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

«Әрине, Ресей біздің оның жағында болғанымызды қалайды. Бірақ Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді. Біз Қырымдағы жағдайды да, Донбасстағы жағдайды да мойындамадық және мойындамаймыз, өйткені БҰҰ оларды мойындамайды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде қабылданған шешімдерді ғана орындаймыз», - деді ол.

«Біз барды бар деп қабылдаймыз. Қалай аталу керек солай атаймыз. Ресейде «соғыс» сөзіне тыйым салатын заң енгізу туралы шешім қабылданды. Олар мұны арнайы әскери операция деп атайды. Бірақ Қазақстанда біз оны қалай бар солай атаймыз, өкінішке орай», - деді Сүлейменов.

Бұл ретте ол Қазақстанның Ресейге қарсы «санкцияларды орындайтынын» атап өтті.

«Ресей, Беларусь және басқа да елдермен экономикалық одақтың бір бөлігі болғанымызға қарамастан, біз халықаралық қауымдастықтың бір бөлігіміз. Сондықтан АҚШ пен Еуроодақтың Қазақстанға қарсы екінші дәрежелі санкцияларының қолданылуын қалайтынымыз рас», - деді Сүлейменов.

Соған қарамастан, ол Қазақстан «Ресейге инвестиция салуды және Ресейге инвестиция тартуды жалғастырады: экономикамыз басқаша жұмыс істемейді» деп қосты.

«Бірақ біз санкцияланған тауарларды бақылау үшін бар күшімізді саламыз. Біз санкцияға ұшыраған тұлғалардың немесе ұйымдардың Қазақстанға салған кез келген инвестициясын бақылауға бар күшімізді саламыз және мұны еуропалықтарға ашық жеткізгіміз келді. Бізде жүйе бар екенін және бұл жүйе, өкінішке орай, ұзақ уақыт бойы осында қалатынын ашық айтқымыз келеді», - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер