Тағы бір саяси партия құрылады

3372
Adyrna.kz Telegram
Фото: Baribar
Фото: Baribar

Қазақстан құрылысшылар одағы өзінің саяси партиясын құратынын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«31 наурызда өткен есеп беру конференциясында құрылысшылар, жасаушылар, өндірушілер – «Еңбек» партиясын құруды ұсынды. Біз еңбек адамдарымыз, бүгінгі қабылданып жатқан заңдар тиімді болып, қарапайым қазақстандықтар игілігін көруі үшін бізге жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек», - деді Құрылысшылар одағы президиумының төрағасы Талғат Ерғалиев. Бұл туралы сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстанда құрылыс саласының мәселелері ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келеді: құрылыс саласы дамымаған, ел импортқа тәуелді, қазақстандықтар баспанамен қамтамасыз етілмеген. Бұл ретте қоғамдық бірлестік жағдайды түбегейлі өзгерте алмайды.

«Біз заң шығару процесіне ықпал етуді, қолдауды, көмектесуді, жеделдетуді, қатысуды қалаймыз. Біз бизнестің нақты өзін-өзі реттеуіне қол жеткізгіміз келеді», - деді Ерғалиев партияның құрылу себебін түсіндіріп.

Жаңа партия бағдарламасында: қолжетімді баспана бағасы; қазақтар 8-10 жылда өтей алатын төмен пайыздық ипотека; елдегі өндірісті дамытуға және азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған барлық реформалар бар.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер