Алматыда Буча құрбандарын еске алу митингісіне қатысушылар ұсталды

3545
Adyrna.kz Telegram
Фото: masa.media
Фото: masa.media

Алматыдағы Ресей консулдығында Бучадағы қанды қырғын құрбандарын еске алуға арналған митингке қатысушылар ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған көптеген кадрлардан полицияның наразылық білдірушілер – «Оян, Қазақстан» қозғалысының өкілдерін ұстап алып, автозактарға  салып жатқанын көруге болпды. Наразылық білдірушілердің арасында  журналист Әсем Жәпішева мен белгілі белсенді Дархан Шәріп бар.

Украина жалауларын ұстаған белсенділер елшілік ғимаратының жанында қолдарын артқа байлап жатып алған. Олар осылайша Украинадағы Бучада болған қайғылы оқиғаға ортақтасатындарын білдірді. Ереуіл 3 минутқа созылған.

Фотолар: masa.media

Айта кетейік,  Ресей әскерлері қаладан шығарылғаннан кейін 400-ден астам жергілікті тұрғындардың айуандықпен өлтірілген мәйіттері табылғандығы туралы ақпарат әлемді шарлап кеткен болатын. Бұл оқиға “Бучадағы қырғын” аталып кетті.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер