Бақыт Шадаева Димаштан және халықтан айтқан сөзі үшін кешірім сұрады

4006
Adyrna.kz Telegram

Бақыт Шадаева Димаштан кешірім сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“1001 түн” бағдарламасының тікелей эфирінде  әнші Шадаева Димаш Құдайбергеннің ұстазы Майра Дәулетбақ пен тыңдарманның толассыз сұрақтарына жауап берді.

Ол ақталып, Димаштың өте талантты бала екенін атап өтті.

Халықтык алдынан кешірім сұрады.

«Жанкүйерлерден сөзім үшін кешірім сұраймын», – деді ол.

Майра Дәулетбақ: «Осы сөзді не үшін айттыңыз?»

Шадаева: «Бастапқы кезде дайындықпен келсін деген оймен айттым», деді ол.

«Біз өнер адамдары, бір-біріміздің сынымызға дайын болуымыз керек. Димаш туралы айтқан сөзімді аузыма Құдай салып тұрса не деймін?! Біз отбасымызбен Димашты жақсы көреміз.

Бұл дүниеде қателеспейтін адам бар ма?! Бәріміз қателесеміз, сыннан өтеміз. Кешірімді болу керек. Мен тағы да жанкүйерлерден кешірім сұраймын», – деді Бақыт Шадаева.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер