Өскеменде коньяк пен арақты қолдан жасағандар ұсталды

2796
Adyrna.kz Telegram

Өскеменде коньяк пен арақты қолдан жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылдың 20 сәуірінде ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірге Өскемен аудандарының бірінде алкоголь өнімін заңсыз, антисанитариялық жағдайда өндіру дерегін анықтады", - делінген хабарламада.

Тексеру барысында мамандар 2145 бөтелке "Түркістан" коньягын, 12 945 дана коньяк өнімдерін, 620 бөтелке "ОША" арағын, 4 мың бос бөтелке, 15 мың арақ қалпақшасын, қақпақтарды жапсыруға арналған екі құрылғыны және 500 литрден астам спирт бар пластикалық ыдысты анықтады.

Алкоголь өнімдері мен спирттің заңсыз айналымы ел экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді және халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді", - деп түсіндірді ведомство.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер