Наурызда қазақстандықтардың зейнетақы қоры 606 млрд теңгеге қысқарды

2392
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 2022 жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда 4,5%-ға азайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді.

«2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары 13 трлнды құрады және 2022 жылғы наурызда 606 млрд теңгеге немесе 4,5%-ға азайды», - делінген реттеуші дүйсенбіде жариялаған есебінде.

Ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың наурыз айындағы зейнетақы төлемдері 887 млрд теңгені құрады.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың зейнетақы шоттарының саны (жинақтары жоқтарды қоспағанда) 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 10 861 599 болды.

«Наурызда инвестициялық кіріс 305 млрд теңгені құрады», - делінген ақпаратта.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер