Оңтүстік Осетия Ресейге қосылмақ

3679
Adyrna.kz Telegram
Фото: regnum.ru
Фото: regnum.ru

Оңтүстік Осетияның Ресейге қосылуына қатысты референдум өтпек. Бұл мәселе туралы өз-өзін тәуелсіз деп жариялаған республиканың президенті Анатолий Бибилов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ол референдум өткізу үшін барлық құжаттар жиналып, тапсырылғанын мәлімдеді.

“Референдум болады. ОСК мұның бәрін қарастырып, содан кейін Жоғарғы сотқа жолдап, референдум өткізетін күнді анықтауы керек”, – деді Оңтүстік Осетияның президенті Анатолий Бибилов.

Бұған дейін Оңтүстік Осетияда президенттік сайлау өткен соң біраз уақыттан кейін өз-өзін егемен деп жариялаған республиканың Ресеймен бірігуі бойынша референдум өткізу жоспарланғанын айтқан. Бибилов бұл бірігуді Оңтүстік Осетия халқының «стратегиялық мақсаты» деп атады.

Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер