Ойланыңдар қазақтар, ойланыңдар!

2738
Adyrna.kz Telegram

Қазақтың бәрі осындай деуден аулақпын. Дегенмен пікір білдіру мәдениетінен жұрдайлары да аз емес. "Дүние жүзі қазақ қандастары" атты топ парақшасында Болатхан Әмірұлы
26 мая в 18:51 мынадай пікір білдіріпті: "Молдалар! Дінді білім деп шатаспаңыздар! Ол - арабтардың дәстүрі мен тәжірбиелері. Арабтың дәстүрі қазақтың өміріне сәйкес келмейді!" деп пікір білдіріпті.

Болатханның жазғанына қайтарылған пікірлерді оқып отырып таң қалдым. Өздеріңіз оқып көріңіздерші:
"Gaziz Askhat Еббайт...соны біздің ата-бабаларымыз білмейд...сен біліп қалдың.. ё моё";

"Nurjan Balg'abek Болат сен тамақтан алдын қолыңды жуасың ба? Дін қажет болмаса оны істемей-ақ қой! Өйткені тамақтан алдың қол жууды Исламнан басқа дін үйретпеген!";

"Sabak Shari Құран букіл ғылымдардың атасы есекбас автор"

Сонда мына жігіттер пікір алмасу мен пікір білдіру мәдениеті барын білмегені ме? Былапыт сөз айту діндар адам түгілі ешкімге жараспайды. Және тамақ ішер алдында қол жууды ислам үйреткен деген не сөз? Қазақ исламға дейін қолын жумай тамақ ішкен бе? Біреуге "Есекбас" деп пікір жасзатын адамның басы қанда екен осы?

Осы орайда айтарым:
ОЙЛАНЫҢДАР ҚАЗАҚТАР; ОЙЛАНЫҢДАР!
Пікір анық, түсінікті болуы керек. Айтатын ойыңды түсінікті, жүйелі етіп білдіру пікір алмасудың басты ережесі. Бір нәрсені қорғаймын деп былапыт сөз жазу, басқаларды кемсіту емес өзіңді масқаралау!! Одан да дұрыс сөйлеуді үйреніңдер.

Әрине, пікір білдірушілердің жасы қаншада екенін білмеймін. Бірақ нақты пікір білдірудің орнына тисе терекке, тимесе бұтаққа дегендей жазылған сөздерді оқып отырып көңілім қалып жататын кез аз болмайды.

Ойланатын жағдай. Өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын адам нені болса да түсінбек түгілі өзін дұрыс алып жүре алмасы шындық.

Бір бірінің сөзіне осындай жауап жазатындар Қазақты қалай көркейтеді?!


Бердалы ОСПАН,

                                                                                                 "АДЫРНА" ұлттық порталы

Пікірлер