«Balapan» телеарнасы өңірлердегі балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

1990
Adyrna.kz Telegram

«Balapan» телеарнасы ұйымдастырған «BALAPAN ӘЛЕМІ» республикалық балаларфестивалі еліміздің бірнеше өңірінде өтті.  

Фестивальге қолдау білдірген Ұлытау облысы, Абай облысы, Маңғыстау облысы  және Қызылорда облысының әкімдігі әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыдан шыққан және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнап ойын-сауық және танымды іс-шаралар ұйымдастырды. Фестиваль барысында әр өңір тікелей байланыс арқылы қосылып, көрермендер балалардың мерекені тойлау сәтіне куә болды.

«Балалар жылына» орай өткен фестивальаясында Қарағандылық балалар Ұлт бесігі – Ұлытауға экскурсияға шығып, «Жошы хан», «Алаша хан» және «Домбауыл» кесенелерін аралап, тарихи жерлер туралы сауатын кеңейтті. Семейлік жеткіншектер Ұлы Абайдың туған жеріАбай ауданы, Қарауыл ауылында өткен ХХІІІ республикалық Абай оқуларының облыстық турниріне қатысты. Маңғыстаулық балалар Каспий теңізінде кемемен саяхат жасады. Саяхатқа облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылы және арнайы мектептердің 30 баласы қатысты. Ал,Қызылорданың бір топ өнерпазы Қызылорда облысында орналасқан «Атамекен» балалар ауылының балаларына концерт қойды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Балалар жылы» шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласында республикалық балалар фестивалі өтті. Мерекелік шараға еліміздің бірнеше өңірінен келген 800-ге жуық талантты бала мен эстрада жұлдыздары қатысты. Сонымен қатар, сахнадан тыс әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өтті. Фестиваль «Balapan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Пікірлер