ZERDELI білім беру орталығының 225 чемпионы НЗМ-ге грант ұтып алды

3131
Adyrna.kz Telegram

ZERDELI білім беру орталығының  оқушылары Қазақстанның барлық қалаларында бақтарын сынап, Назарбаев Зияткерлік мектебіне грантқа түсті. Бұл туралы білім беру орталығы Instagram парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“225 чемпионымыз 2022 жылы НЗМ-ге грант ұтып алды.

  • Қазақ тілінде тапсырған оқушылар арасында ZERDELI оқушысы Болат Асанәлі ФМН бағытынан 1500-ден 1448 ұпай жинап Республика бойынша 1 орынға ие болды.
  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қабдыләшім Бағлан IB бағытынан 1500-ден 1430 жинап 1 орынға ие болды.
  • Ақтөбе қаласы бойынша Дәрменова Меруерт 1500-ден 1414 ұпай жинап 1 орынға ие болды. 
  • Қарағанды қаласы бойынша Сайжанов Сагит 1500-ден 1302 ұпай жинап 1 орынға ие болды.
  • Қарағанды қаласы бойынша Мақан Алихан 1500-ден 1286 ұпай жинап 2орынға ие болды.
  • Атырау қаласы бойынша Кайнен Аслан 1500-ден 1363 ұпай жинап 1орынға ие болды.”, деп жазды.

Барлық жеңімпаз оқушыларды “Адырна” ұжымы шын жүректен құттықтайды.

Пікірлер