Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуін өткізді

3026
Adyrna.kz Telegram

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар қаласында халық алдында есеп беру кездесуін өткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оған өңірдің 300-ге жуық тұрғыны қатысты. Екі сағаттан астам уақыт бойы жиналған қауым өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

«Түрлі сұрақтар қойылды, олардың әрқайсысына жауап беруге тырыстым. Атап айтқанда, балалардың мектептегі қауіпсіздігі, асханадағы тамақтану, олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру, оқушылардың оқу жетістіктерінің мониторингі, оқу бағдарламалары, ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық кабинеттер) жұмысы туралы мәселелер, «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында көмекті бөлу және басқа да маңызды тақырыптар бар.

Көтерілген барлық сұрақ пен ұсыныс бақылауда болады. Облыс әкімдігінің құзырындағы сұрақтар жергілікті деңгейде шешіледі. Қалған мәселелер бойынша министрлік қызметкерлері барлық қажетті жұмысты жүргізеді»,– деді ведомство басшысы.

Пікірлер