Мәзірдің қазақша нұсқасы жоқ: Ана тіліміз қашан реттеледі?

2661
Adyrna.kz Telegram

Айбар Олжаев өз фейсбук парақшасында Алматыдағы лағманханалардың бірінде болған қазақ тіліне қатысты жазба жариялады. 

Бүгін Алматыдағы Домиллионның жанындағы (Рысқұлов көшесі, 149) "Лағманхана №1"-де менюдің жаңарғанын байқадым. Глянец журнал сияқты әдемі қылып басыпты. Бәрі үйлесіп тұр, бірақ тек орысша жасаған екен. Даяшы қазақша нұсқасының жоқ екенін мойындап, администраторының ватсабын берді. Оған жазып едім, олар бірден мәселені бір аптада шешуге уәде берді. Сондықтан онлайн арызданбай-ақ, мүмкіндік берейін деп ойладым.

Жалпы, өткендегі "Сәнім" оқиғасынан кейін лағманханалар қазақ тілінің құдіретін түсініп, қазақша менюдің керек екенін сезіне бастаған сияқты. Мысалы, сол "Лағманхана №1-дегі" барлық келушілер қазақша сөйлеп отырды. Даяшылары да, күзетшілері де қазақша сөйлеп жүр. Ал меню таза орысша. Алматы - парадокстар қаласы. Бірақ жанға жайлы қала.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер