«Бұл тақырыпты талқыламауды сұраймыз»: Шахмат федерациясы мәлімдеме жасады

3209
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан шахмат Федерациясының баспасөз қызметі Бибісара Асаубаевның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Федерация жұмысы үшін мемлекеттен ешқандай қаржы сұралмады. Мемлекет басшысымен және әкімшілікпен кездесу кезінде ҚР шахмат тұжырымдамасы қарастырылды. Бұл бірнеше мәрте жарияланды. Оған дәлел ретінде, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ҚШФ президенті Ғалым Хусаинов, вице-президент Дәрмен Сәдуақасов, Жансая Әбдімәлік мәлімдеме жасады»,– делінген хабарламада.

Федерация Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстандағы шахматты дамыту бастамасын қолдайтынын атап өтті.

«Мектеп қабырғасындағы шахмат, муниципалды клубтар, оқытушыларды даярлау жұмыстарын ҚШФ қаржыландыра алмайды. Мұнымен арнайы министрліктер айналысады. Қазіргі уақытта спортшылар мен Федерацияның басты назары Үндістандағы олимпиадаға дайындалуға бағытталған. Біз бұқаралық ақпарат құралдарынан бұл тақырыпты енді талқыламауды және одан да маңызды істерге назар аударуға мүмкіндік беруді сұраймыз»,– деп қорытындылады ҚШФ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева федерация «Президент әкімшілігінен ақша сұрауға танымал спортшыларды пайдаланады» деп хабарлаған болатын. Кейін спортшы басшыларымен бірге детектордан өтуге дайын екенін де айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер