Қазақстан Сербияға ұшқышсыз ұшақтарды жеткізеді

2982
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы Сербияның YUGOIMPORT-SDPR мемлекеттік компаниясына ұшқышсыз ұшу аппараттары нысандарын жеткізуге келісім-шартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Нысаналы ұшқышсыз ұшақтарды жеткізумен қатар, компаниялар әскери техниканың бірлескен өндірісін іске қосуға келісті. Бұл – заманауи әскери қаруларды шығару, әскери-өнеркәсіптік кешен саласына соңғы әлемдік стандарттар мен тәжірибелерді енгізу.

Болашақта 82 және 120 мм калибрлі ракеталық-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтердің бірлескен өндірісін құру жоспарлануда.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер