Түркия Президенті Ердоған Путиннің шақыруымен Ресейге келді

2511
Adyrna.kz Telegram
Фото: pravda.com.ua
Фото: pravda.com.ua

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Сочиге келді. Бұл туралы TRT Haber жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ердоғанмен бірге сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Донмез, қазынашылық және қаржы министрі Нуреддин Небати, ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришчи, сауда министрі Мехмет Муш, Ұлттық барлау ұйымының басшысы Хакан Фидан, Түркия Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Исмаил Демир Ресейге барды.

Ердоған мен Путин өзекті жаһандық және аймақтық мәселелер, Түркия мен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастар туралы пікір алмасады деп күтіледі.

Сирияның солтүстігіндегі соғыс қимылдарының ықтималдығы кездесу күн тәртібіндегі басым тақырып болмақ. Сочидегі кездесуде Түркия бастамалары және Ресей мен Украина келісімге қол қойған кейін құрылған астық дәлізі туралы да талқыланады.

Екі президенттің күн тәртібінде Ресей-Украина жанжалы да болады. Ердоған әлі де атысты тоқтатуға үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер