Қазақстандықтар енді Албания мемлекетіне 90 күнге визасыз бара алады

2621
Adyrna.kz Telegram
Фото: poehalisnami.kz
Фото: poehalisnami.kz

Қазақстандықтар енді Албания мемлекетіне 90 күнге визасыз бара алады. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Албания Республикасына 90 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. Албания Республикасының аумағында болған кезде өзінің құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматы сол елдегі Қазақстан елшілігіне немесе консулдық бөлімшелеріне барып, өкілдіктер ұсынған уақытша құжат арқылы Албания аумағынан тыс жерлерге шыға алады», - делінген қаулыда.

Қазақстан Республикасының азаматында болуы тиіс жол жүру құжаттары:

  • дипломатиялық паспорт;
  • қызметтік куәлік;
  • Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын куәлік;
  • Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік.

Құжатқа сәйкес, төтенше жағдай немесе өзге де оқыс оқиғаға тап болып, Албания территориясынан кету мүмкіндігі болмаған қазақстандықтар сол елдің құзыретті органдарына өтініш беріп, тұру мерзімін ұзарта алады.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер