Саакашвили өлім аузында жатыр

2310
Adyrna.kz Telegram

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің денсаулығы нашарлап барады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жақында бір топ дәрігер науқастың хал-жағдайы жөнінде толық есеп беретін болады.

Невропатолог Отар Тоидзеның айтуынша, оның жағдайы ауыр.

«Саакашвили бүгінгідей сөйлеуден, жүруден қиналмаған еді. Қазір жағдайы ауыр. Сондықтан объективті баға беріп, қорытынды жазу үшін барып қалатын шығармыз. Ол өлім аузында жатыр»,– деді маман.

Айта кетейік, өткен жылы экс басшы ауруханадан түрмеге ауыстырылған еді. Саясаткер бірнеше жыл бұрын банкир Сандро Гиргвлианиді өлтіру ісінде оған сырттай шығарылған үкім бойынша түрмеге қамалды. Түрмеде Саакашвили аштық жариялап, нәтижесінде Гори әскери ауруханасына түскен.

Пікірлер