Дизель отынының бағасы 230-260 теңгені құрайды – Энергетика министрлігі

2314
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында транзиттің көлік үшін дизель отынына сараланған баға белгілеуді көздейтін бұйрық жобасы әзірленді. Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланатын болады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Мәселен, қазақстандықтар үшін жүргізуші куәлігі болған жағдайда, қазіргі баға – 230-260 теңге бойынша лимит тәулігіне 100 литр дизель отынын құрайды, Қазақстанда тіркелген жүк көлігі үшін – тәулігіне 300 литр. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемнен артық дизель отыны үшін 1 литр 450 теңгеден сатылатын болады",- деді министр.

Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне отандық нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмас үшін барлық шараларды уақытылы қабылдауды тапсырды.

"Жанармай құю станцияларының иелерімен тиісті жұмыстар жүргізу керек. Азаматтарымыз бен ауылшаруашылық саласы зардап шекпеуі керек. Отандық тұтынушыларға және транзиттік автокөлікке берілетін жанар-жағармай бағаларын дифференцияциялау бойынша ережені тез арада қабылдап, 20 тамыздан бастап енгізу керек", - деді Әлихан Смайылов.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер