Оралда "Батыс су арнасының" екі жұмысшысы кәріз суына батып кетті

3239
Adyrna.kz Telegram

Оралда "Батыс су арнасы" ЖШС-нің екі жұмысшысы кәріз сорғы стансасын жөндеу кезінде қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Мой город" порталының мәліметінше, қайғылы оқиға 24 тамызда күндіз Оралдағы кәріз сорғы стансасында болған.

"Батыс су арнасы" ЖШС бас директоры Әнуар Әркеновтың айтуынша, 1971 және 1982 жылғы екі жұмысшы құрылғы бөлшектерін ауыстыру жұмыстарын жүргізген.

“Алдын ала мәлімет бойынша, құрылғы қақпағы жұлынып кетіп, стансаға кәріз суы толып қалған. Соның салдарынан жұмысшылар сыртқа шығып үлгермей, суға батып кеткен", - делінген хабарламада.

Компания зардап шеккендердің отбасына қажетті барлық көмекті көрсетуге уәде беріп отыр. Қаза тапқан жұмысшылардың бірінің артында үш кішкентай баласы қалған.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер