Қалтасы қалың ресейліктер ұшақпен қаша бастады

1967
Adyrna.kz Telegram

Қалтасы қалың ресейліктер джет жалдап, мобилизациядан қаша бастады. Соңғы күндері жалдамалы джет ұшақтарға деген сұраныс 100 есе артқан, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Ұштақтың бір орнын жалға алушылар 1,2 миллион рубльден бастап 1,5 рубьге дейін төлеуде, ал сегіз орындық ұшақ 5 және 7 миллион рубльдің арасында құбылып тұр. Ұшақ жалдау құны бірнеше есе артқанына қарамастан жолаушыларға орын жетпей жатыр.

"Дәп қазіргі жағдай, тіптен, сұмдық. Біз күніне 50 өтінім қабылдайтынбыз, қазіргі көрсеткіш 5000 шамасында", - деді "Your Charter" компаниясының басшысы Евгений Быков.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер