Ұлт болып ұйыспасақ, Украинаның кебін киеміз - Оңғар Қабден

2261
Adyrna.kz Telegram
Күні кеше Ресей Президенті В. Путин Украинаның ДНР, ЛНР, Запорожье және Херсон аймақтарын қосып алғанын хабарлады. Қоғамдық пікір жетекшісі, журналист Оңғар Қабден айналамызда болып жатқан осындай саяси қайшылықтарға баға беріп, қазіргі Қазақстан мүддесі жайлы сөз етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
“Херсон, Луганск және Донецк, Запорожье өз таңдауын жасады. Бұл аймақтар Ресейге қосылуды таңдап отыр. Біз адамдардың таңдауына құрметпен қараймыз және қабылдаймыз. Дереу арада Киев әскери қимылды тоқтатып, келіссөзге келсін. Біз келіссөз өткізуге дайынбыз” деді шімірікпестен. Мен солтүстік көршінің қадамдарынан қорқайын дедім. Бірі Украина бірі Ресейді жақтап өз-өзімізбен қырылысып отырысымыз мынау. Бізге шұғыл арада ұлттық идеологияны түзу керек. Ұлт болып ұйыспасақ мына референдум болашақта біздің жерде өтеді, - деп жазды журналист.
Осындай саяси бұлғақтар дәуірінде ұлттық бірлік, ұлттық мүдде мен қазақ арасындағы ауызбіршілікті күшейту үшін ұлттық идеолоигия қажет екенін ескерткен журналист қазақтың басқарушылық құрылымдарын жетілдіріп, берекелі жұртқа айналу жайын ерекше атап өтті.
"Бас басына би болған өңкей қиқым, Мінекей бұзған жоқ па елдің сиқын" деген Абайдың сөзін қаперде ұстайық. Қазірдің өзінде Омар Жәлел деген биіміз бар. Ертең Шығыстың өз биі, Батыстың өз биі болса. Сосын, хан сайлап алсақ. Мемлекеттік құрылым қайда қалады? Атырау мен Алтай арасын жайлаған қалың қазақты бір мақсатқа, бір мүддеге жұмылдырып, берекенің байрағын желбіреткен берекелі жұрт болуымыз керек. Алтыбақан алауыздығымызды кім пайдаланбады? Саусақтың өзі біріксе ғана жұдырық болады", - деді автор.
Журналистің оймақтай ойына: "Не де болса Ресейдің асығы түгенделіп келе жатырған сияқты. Бұл агрессорлық саясат арты жақсылыққа апармайды. Дегенмен бәріне дайын болуымыз керек сияқты. Өзіміздің ауызымыз бір болуы керек. Оны әдемілеп ұйыстыратын бір басшы керек", "Ұлттық идеология дейсің-ау. Солтүстік пен Орталық аймақтар түгел орыстанып болды. Әкімдері танауының астындағын көрмейді" деп пікір білдірді оқырмандар.
Пікірлер