«Қазақстанның бір облысын басқа елге қосу керек»: Арандатушыға қылмыстық іс қозғалды

3170
Adyrna.kz Telegram
Фото: Aikyn.kz
Фото: Aikyn.kz

Қазақстанның бір облысын шет мемлекеттің пайдасына береді деген жалған материал әлеуметтік желіде желдей ескен болатын. Аталған жайтқа қатысты еліміздің Бас Прокуратурасы ресми түсінік берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Анонимді телеграм арналардың бірінде Қазақстанның бір облысын басқа елдің пайдасына иеліктен шығару туралы үндеу қамтылған арандатушылық материал жарияланды. Материалдың авторы анықталды. Ол Қазақстанға келген шетелдіктердің қатарына жатпайды. Қазіргі уақытта алыс шетелдің бірінде тұрады. Бұл сырттан бағытталған жоспарлы және мақсатты акция. Оның нысаны - Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру», - деді ҚР Прокуратурасының өкілі Серік Әділкенұлы. 

Сондай-ақ, ол желіде жарияланған материалдың мазмұны жалған ақпарат таратып, ұлттық араздықты қоздыру мақсатын көздейтінін айтты

«Материалда көрсетілген әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 174-і, 180-і және 274-і бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік пен жазаға әкеліп соғады. Аталған сепаратистік шақырулар фактісі бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 180-і бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осыған байланысты азаматтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз. Осы секілді материалдар мен үндеулерді жариялап, таратушылар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын назарға саламыз», - дейді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер