Таразда Шерхан Мұртазаға ескерткіш орнатылды

2503
Adyrna.kz Telegram

Қазақ әдебиетінің алыбы белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жылдық мерейтойы халық жазушысының еңселі ескерткішінің ашылуымен басталды. Бұл туралы arainfo.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Ескерткіш Тараздағы Жамбыл даңғылы бойындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты ғимаратының алдында бой көтерген.

Ескерткішті Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Darhan Qydyráli, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, танымал қайраткер Амалбек Тшанов, Академик Ғарифолла Есім ашты. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Өз сөзінде Мұхтар Шаханов, Нұрлан Оразалин, Амалбек Тшанов, Жанғара Дәдебаев және өзге де азаматтар Шерхан Мұртазаның тұлғалық, қаламгерлік, қайраткерлік болмысына тоқталды. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақұштап Бақтыгереева Шераға рухына арнап өлең оқыды.

Ескерткіштің ашылу салтанатынан соң көпшілік жазушы рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер