"Айдостың жағдайына алаңдаулымыз": Қазақстандық боксшы комада жатыр

3519
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы кәсіби рингте бірінші рет нокаутпен жеңіліп, комаға жатыр. 

Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комаға түсті.

Suleimen Promotions компаниясы боксшының жағдайына қатысты пікір білдірді.

"Suleimen Promotions» компаниясының барлық ұжымы Айдос Ербосынұлының жағдайына алаңдаулы және денсаулығына күнделікті бақылау жасауда. Біздің қайтпас қайсар батырымыз біз үшін кәсіпқой бокстағы «ең үздік» болып қала бермек. Қазір Айдос Минеаполис қаласындағы үздік клиникалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлердің сөзінше, жағдайы бірқалыпты, біз оның денсаулығы жақсаратынына сенімдіміз. Спортшымыздың емделуіне жұмсалатын барлық шығындарды ұйымдастырушы компания өз мойнына алды. Сондай-ақ, Айдостың жауынгерлік рухын көтеру мен өзін жақсырақ сезінуі мақсатында Қазақстандағы жақындарын АҚШ-қа алтырту жолында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып кеткіміз келеді. Әрине, спорттың қай түрінде де, соның ішінде кәсіпқой бокста жарақат алу қауіпі жоғары. Алайда біз кез-келген жағдайда Айдос Ербосынұлының денсаулығы қалпына келуі үшін барлық көмекті көрсетететін боламыз", - делінген хабарламада. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер