Алматы: 2024 жылы су жаңа 30 қоғамдық көлік қала маңына қатынайтын болады

2152
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке берген бірқатар тапсырамсының ішінде әкімдерге  қоғамдық көлік жұмысын тұрақтандыру ісіде бар, деп хабарлайды «Адырна» тілішсі.

Бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі қала Алматыда қоғамдық көліктің мәселесінің түйіні тарқатылмақ.

Алып қала Алматыда облыс пен қала арасында қатынайтын қоғамдық көліктер жетіспейді. Бұл туралы мәслихат сессиясында қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин мәлімдеген еді.

Спикердың айтуынша, бүгінде тек 150 кентте ғана қала маңына қатынайтын 22 автобус бар. Негізгі қажеттілік – 50 автобус.

«Алматы қаласының бюджеті қала маңына баратын автобустарды субсидиямен 100% қамтуда. Мысалы, ол үшін 2021 жылы 10 млрд теңге, 2022 жылы 11 млрд теңге бөлінді. Жоспарда бар жаңа бағыттарды ескерсек, алдағы уақытта субсидиялар көлемі өседі. Өткен айда біз Алматы облысымен қала маңындағы бағыттарды бірлесе субсидиялау туралы келіссөздер жүргізе бастадық. Алматы қаласы әкімдігі облысқа жеке тасымалдаушылар шығындарының жартысын жабуға ұсынды. Қазір келіссөздер жалғасуда», - деді Асқар Амрин.

Ол 2024 жылға қарай халықтың жайлылығы үшін 30 жаңа магистральдық қала маңы маршруттары іске қосылатынын айтты.

«Нәтижесінде қоғамдық көліктің қол жетімділігі жақсара түседі. Сондай-ақ, қала маңындағы маршруттар қаланың бірыңғай тарифіне біріктірілетін болады. Сондай-ақ, қала маңында автобусқа отырған кезде қалаға дейін жол жүру ақысын төлеуге және қалаішілік маршрутқа ауысып отырған кезде билеттің толық құнын қайта төлемеуге мүмкіндік беретін аймақтық тарифті енгізу жоспарлануда», - деді спикер.

Пікірлер