"Қазақстанда бір-ақ ұлт бар. Ол – қазақтар!" - академик Оразақ Смағұлұлы

3379
Adyrna.kz Telegram

Қазақ халқының генетикалық ерекшеліктерін зерттеп, төл тарихымызды тың дүниелермен байытқан ақылман ақсақал, көшелі ғалым, 92 жасқа келген академик Оразақ Смағұлұлының "Қазақ елі мен жерінің иесі тек қазақтар" екендігін ғылыми негіздемесе сүйене отырып дәлелдеген сөзі ақпараттық кеңістікте тарап жатыр. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады.   

Ақылман ақсақал осы уақытқа дейін қазақ топырағындағы өзге ұлт өкілдеріне қатысты үнделіп, үгіттеліп келген жалаң түсінікке біржолата тоқтау қояды. Халқын дұрыс, орнықты ғылыми негіздемеге иландырады.

"Қазақстанда 130 дей ме, 140 дей ме ұлт тұрып жатыр дейді. Бізде ұлт тұрып жатқан жоқ, ұлт өкілдері тұрып жатыр. Оларды диаспора дейді. Сондықтан "ұлтаралық" деген сөзді айта алмаймыз. Қазақстанда бір-ақ ұлт бар. Ол – қазақтар. Мысалы орыстар әрі Ресейде жүріп ұлт болады, Өзбекстанда, Қазақстанда, Иранда жүріп тағы ұлт болады. Ондай ғылыми-тарихи анықтама категория жоқ. Халық бір-ақ жерде пайда болады, өсіп-өнеді. Ал таралғандардың барлығы диаспора. Мәселен, Қажы-Тарханда [Астраханьда], Қытайда, Өзбекстанда тұрып жатқан қазақтарды олар диаспора дейді ғой. Сондықтан тарихи дәуірде қалып қойған орыстар, дүнгендер, ұйғырлар, күрттер ешқайсысы ұлт болып саналмайды. Осыны сіздер жақсы түсіне біліңіздер, - дейді ғалым.

Кейіннен қоғамда дұрыс түсінік қалыптастырмай, қазақ пен өзге диаспоралардың арасына сына қағып отырған негізсіз, жалған "ұлтаралық қатынасты" ашып жазады. Сөзінің түйінінде:

Бізде ұлтаралық емес, бір ұлт пен диаспоралардың арасындағы саяси-мәдени қатынастар бар", - деп қорытады академик.

Бұған қатыстымоқырмандар:

"Қазақ жерінде тек Қазақ бар, қалғандары қонақтар бүгін бар ертең жоқ",

"Талай айтылған сөз. "Елбасизмнен" толық арылмай, бұл сөздің де қайталана беретініне көзім жетті!",

"Оразақ Смағұлұлы ағамыз өте орынды айтқан! Қазақстанда тек қана бір ұлт - қазақтар, ал қалғандары диаспора мен этностар!" деген пікір қалдырды.

Пікірлер