Мәдениет басқармасына алдымен мәдениет дегенді түсінетін бір басшы қою керек - Дәулеткерей Кәпұлы

4994
Adyrna.kz Telegram

Мәдениет басқармасына алдымен мәдениет дегенді түсінетін бір басшы қою керек. Бұл туралы пікірді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Қажығали Мұқамедқалиұлының 80 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев пен қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев кеш шымылдығын ашты. Қазақстан Жазушылар одағыныңбасқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет ағамыз да қаламгер жайлы толғанды.

Айтпағым Астана қаласы Мәдениет басқармасы деген басқарма әдебиетті, руханиятты, қаламгерлерді айналып өтуден алдына жан салмайтын басқарма! Шоулар мен Жайдармен,КВН және эстрадалық концерттердің абыройын бәрінен биік қоятын басшысы ма қосшысы ма білмедім. Жазушының мерейтойынан басқарма басшысын көрмейсің. Залды толтыру шаруасына араласпаған. Қысқасы, басқармаға руханиятқа жаны ашитын,алдымен мәдениет дегенді түсінетін бір басшы қою керек. Әкімнің жылда ауысатын орынбасарларына талай айтқанбыз! Көсегесі көгермей тұрған мәдениетім-ай...”,- деп жазды ол.

Пікірлер