Мектепте балаларға діни үгіт-насихат жүргізген мұғалім жұмыстан шықты

3249
Adyrna.kz Telegram

Еліміздегі мектептердің бірінде мұғалімнің оқушыларға діни сабақ өткізгені туралы видео қалың көпшілікті дүрліктірген еді. Әлеуметтік желіде кеңінен тараған видео қай жерде, кімнің тарапынан түсірілгені белгілі болды. Мектеп әкімшілігі шетін жайға қатысты түсініктеме берілді. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлады. 

"Sputnik Қазақстан"-ның хабарлауынша, балаларға араб мәдениетіне негізделген үгіт-насихат жүргізілген дәрістің видеосын Алматыдағы №176 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі түсірген. Кейін видеоны WhatsApp мессенджері арқылы ата-аналар чатына жолдаған. Ақырында,  мұғалімнің видеосы желіні шарлап, қоғамның назарын аударды. WhatsApp қолданушылары да оны оңды-солды таратқан.

Алматы қалалық білім басқармасы мұғалімнің бұл мектепте 2009 жылдан бері қызмет етіп келгенін айтып отыр.

"Мұғалімнің айтуынша, бұл діни тақырыпты сабақ басталмай тұрып, 15 минут бұрын өткізген. Кейін WhatsApp мессенджеріндегі ата-аналар чатына жүктеген және өз статусына салған. Мұндай жағдай бір рет қана тіркелген. Осы жағдайға байланысты білім басқармасы тарапынан комиссия құрылып, мұғаліммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - дейді басқарма мамандары.

Бүгінгі күні балаларға діни үгіт-насихат жүргізген мұғаліп өз еркімен жұмыстан шықты. Мектеп әкімшілігі де жауапқа тартылды. Сонымен қатар, басқарма Қазақ елінің зайырлы мемлекет екендігін ерешк еске салып, мектептерде соған сай білім берілуі тиіс екендігін атап өтті.

"Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында ғана сабақ өткізуге міндетті. Оқу орындарының қабырғаларында қандай да бір басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады", - деп атап өтті мамандар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер