Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнауы мүмкін

5962
Adyrna.kz Telegram

Франциялық ПСЖ қысқы демалыста жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Олардың қарсыласы Сауд Арабиясының екі клубы - "Әл-Наср" және "Әл-Хилал" ойыншыларынан жасақталған команда болмақ,  деп хабарлайды “Адырна” тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Матч қаңтар ортасына жоспарланған.

Айта кетейік, жаңадан әлем чемпионы атанған аргентиналық Лионель Месси ПСЖ сапында.

Бұған дейін португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың "Әл-Наср" сапына қосылғаны белгілі болды.

Осылайша, жұлдызды футболшылар 2023 жылдың басында кездесуі мүмкін.

Пікірлер