Қазақстан IBA рейтингінде бірінші орынды иеленді

4710
Adyrna.kz Telegram
Фото: sportx.kz
Фото: sportx.kz

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылардың рейтингін жаңарттыҚазақстан 48100 ұпаймен бірінші орынға жайғасты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Екінші орынды Өзбекстан (37600), үшінші орынды Үндістан (36300) иеленді. Алғашқы бестікте АҚШ пен Түркия бар.

IBA сайтында қазақстандық Сәкен Нұрлан, Сапарбай Бибосынов, Қамшыбек Қоңқабаев, Нұрбек пен Айбек Оралбай, Серік Теміржанов, Сағындық Тоғамбай, Асланбек Шымбергеновтың және тағы басқа боксшылардың аты аталған.

Тізімдегі соңғы орындарда Солтүстік Македония (100 ұпай), Шри-Ланка (100) және Исландия (50) тұр. Рейтингіге барлығы 135 мемлекет енген.

ТМД елдерінен Украина 12-ші, Армения 14-ші, Ресей 15-ші, Қырғызстан 38-ші орында.

Айта кетейік, IBA рейтингі барлық 17 салмақ дәрежесін қамтиды.

Пікірлер