Бүгін 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады

3851
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 6 ақпан жеңілдетілген автокредит бойынша электронды кезек іске қосылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Өтінімді Астана уақытымен сағат 10:00-де autonesie.kz сайтында бере алады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет.

Cайтқа кіргеннен кейін "Өтінім беру" батырмасын басып, электронды цифрлық қолтаңбаны қолданасыз. Сол кезде адамның аты-жөні мен жеке сәйкестендіру нөмірі автоматты түрде шығады. Одан кейін тек телефон нөмірі мен автоөндірушіні ғана енгізу керек. Соңында өтінімді цифрлық қолтаңбамен рәсімдеп, жібере саласыз. Сайтта өтінімнің мақұлданғаны да көрсетіледі. "Сіз сәтті тіркелдіңіз" деген жазу шығып, жеке кабинетке хабарлама түседі.

Айта кетері, өтінімде көліктің моделін ғана емес, автокөлікті өндірушіні ғана көрсетуге болады. 

Жеңілдетілген автокредиттің шарттары:

көлік құны 15 млн теңгеден аспауы керек;

кредит сомасы – 10 млн теңге;

бастапқы жарна қажет емес;

сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%;

қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер