Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады

3273
Adyrna.kz Telegram
Фото: egov.kz
Фото: egov.kz

Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлер күні пайда болады. Жаңа мейрам жыл сайын 15 сәуірде аталып өтеді. Тиісті үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталындажарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі "Мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлер күні – 15 сәуір" деген тармақпен толықтырылсын", – делінген жазбада. 

Қаулыда мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлердің еңбек ұжымы республика бойынша шалғай аудандарды қоса алғанда, облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтіні жазылған. Қызметкерлердің жалпы саны 20 мыңнан астам адамды құрайды.

"Алайда бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласының бөлшегі екенін сезінбейді", – делінген жазбада.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында кәсіби мерекелерді атап өтуге қатысты халықаралық тәжірибе де зерделенген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер