Бүгін банкроттық бойынша өтінім қабылдау басталады

2828
Adyrna.kz Telegram

Бүгіннен бастап жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша өтініштер қабылдау басталады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Өтінішті egov.kz сайтында және eGov Mobile мен e-Salyq Аzamat мобильді қосымшалары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болады. Ол 14 күн ішінде қаралып, жауабы sms хабарлама түрінде келеді.

Соттан тыс банкрот болу қызметіне банк, микроқаржылық және коллекторлық ұйымдарға қарызы бар адамдар жүгіне алады.

Сотқа арызданбай, банкрот болудың шарттары:
берешек 1 600 АЕК-тен аспауы керек, биыл оның мөлшері 5 млн 520 мың теңге;
қарыз 12 ай бойы төленбеуге тиіс;
мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлігі болмауы шарт;
банкпен қарыз бойынша реттеу жұмыстары жүргізілген болуы керек.

Сондай-ақ алты ай бойы атаулы әлеуметтік көмек алған азамат та соттан тыс банкроттыққа жүгіне алады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер