БҰҰ Ресей мен Украинаны әскери тұтқындарды азаптап өлтіргені үшін айыптады

2067
Adyrna.kz Telegram

БҰҰ Ресей мен Украинаның әскери тұтқындарды азаптауына қырын қарап, оларды "отқа да суға да" салғанын айыптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

БҰҰ бақылау миссиясының сарапшылары 400-ге жуық адамнан, оның ішінде Украинада тұтқын болған Ресей азаматтарынан, сондай-ақ Ресей тұтқынынан босатылған украин азаматтарынан сұхбат алды.

- Біз 25-ке жуық ресейлік әскери тұтқындар мен соғыс қимылдарын тоқтатуға араласқан адамдардың бас еркіндігіне алаңдаймыз, - дейді БҰҰ өкілі euronews.

Баяндамаға сәйкес, Украина билігі 22 ресейлікті өлтіруге қатысты тергеу жүргізуде, бірақ осы уақытқа дейін бұл істердің ешқайсысы сотта қаралмаған. Қазіргі уақытта Ресейдің украин әскери тұтқындарын өлім жазасына кесуге байланысты қабылдаған  шаралары туралы ақпарат жоқ.

- Біз сондай-ақ Ресей күштері ұстап отырған украинаның 15 әскери тұтқынының тағдырына қатты алаңдаймыз. Олар өлім жазасына кесілуі мүмкін, - деп атап өтті БҰҰ миссиясының басшысы.

БҰҰ азаптау немесе қатыгездік салдарынан украин әскери тұтқындарының бесеуі қаза тапқанын мәлімдеді. Сондай-ақ тұтқында болған кезде қажетті медициналық көмек көрсетілмей, ажал құшқан төрт тұтқын туралы ақпарат берді.

Пікірлер