19-қабаттан құлаған тұрғын ерекше жағдайда тірі қалды

2443
Adyrna.kz Telegram

Ресейде Воронеж қаласының тұрғыны 19-қабаттан құлап, ерекше жағдайда тірі қалды. Тұрғынды "періштесі қақты", қазір дін аман. Көпқабатты тұрғын үйден құлаған азамат көліктің үстіне түскен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

РИА Новости ақпаратында айтылғандай, 50 метр биіктен төмен қарай тұлаған ер адам орнынан атып тұрып, "Любовь, похожая на сон" әнін шырқай жөнеледі.

Куәгерлер тұрғынның биіктен құлап келе жатқан сәтінде ұғынықсыз дауыс шығарып, ел назарын өзіне аударғанын айтады. Төбеден түскен ер адамға жедел медциналық көмек көрсетілді.

Дәрігерлер азаматтың басы мен омыртқасы зақымданғанын, бірақ өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ екендігін айтты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер