Жаңадан сайланған Энергетика министрі қазақша сөйлей алмай, мәжіліс депутаттарынан ескертпе алды

2714
Adyrna.kz Telegram
Фото: sk.kz
Фото: sk.kz

Жақында ғана Энергетика министрі болып тағайындалған Алмасадам Сәтқалиев жаңа қызметінде парламентте мәжіліс депутаттарымен алғашқы ресми кездесуінде қазақша сөйлей алмай ұятқа қалды. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Басқарма басшысы өз сөзінде "Жылу энергетикасы туралы" жаңа заң жобасымен таныстырды. Қазақша сөйлеуге келгенде іркіліп, әбден қысылған министрге депутат Бақытжан Базарбек мемлекеттік тілде сөйлеуі керектігі жөнінде ескертпе айтты.

"Біріншіден, біз мемлекеттік қызметшіміз. Екіншіден, бұл міндетті шара, сөз сөйлеуге дайындалу керек. Үшіншіден, қазақша сөйлей алмасаң көмекшіңіз болуы керек", - деді Мәжіліс депутаты.

Пікірлер