Сирия Израиль аумағына үш зымыран жіберді

2027
Adyrna.kz Telegram
Фото: AP
Фото: AP

Сирия аумағынан Сирияның Эль-Кунейтра провинциясының шекарасында орналасқан Голан биіктігіне қарай үш ракета атылды. Бұл туралы AlHadath арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Екі ракета Иордания аумағында, біреуі Голан аумағында құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, Голан биіктігінде қауіпсіздік сиреналары естіледі. Атыс кесірінен келтірілген залал туралы ақпарат берілмеді.

Израильдің қорғаныс армиясы бұл ракеталардың Сириядан ұшырылғанын растады.

Израиль армиясы жексенбі күні таңертең Сирияның қондырғыларына ұшқышсыз соққы бергенін мәлімдеді.

Пікірлер