Қарағанды облысында бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады

2638
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысы әкімдігі мен Қарағанды облыстық мәслихатының «Қарағанды облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен қаулысы әзірленді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланған құжатқа сәйкес, өңірдегі бірнеше ауылға қазақша атау беріледі.

«Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылдық округіндегі Новостройка ауылы «Атамекен» деп қайта аталсын»,— делінген хабарламада.

Сонымен қатар Осакаров ауданының бірнеше ауылдық округі мен ауылдарының атауы да ауысады:

Звездный ауылдық округі – Жұлдыз;
Тельман ауылдық округі – Нияз;
Звездный ауылдық округіндегі Звездное ауылы – Жұлдыз;
Николаевка ауылдық округіндегі Комсомольское ауылы – Қайыңды;
Қаратомар ауылдық округіндегі Сенакосное ауылы – Қаратомар;
Тельман ауылдық округіндегі Тельманское ауылы – Қаракөл;
Садовый ауылдық округіндегі Чапаево ауылы – Жаңатоған деп өзгертілмек.

Құжат 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.

Пікірлер