Конституциядан Қазақстанның вице-президенті туралы норма алынып тасталуы мүмкін

1932
Adyrna.kz Telegram
Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz

Конституциядан Қазақстанның вице-президенті туралы норма алынып тасталуы мүмкін. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәжіліс алаңында журналистер Әділет министріне “бұл норма Конституцияда неліктен әлі күнге дейін бар және ол алынып тастала ма?” деген сауал қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бұл жаңалық емес. Бұл норма 1993 жылғы Конституцияда болды. 1995-1996 жылдар аралығында президенттік қайта сайлау болған кезеңде бұл норма әдейі өтпелі жағдайда қалдырылды. Қазір Конституция бойынша бізде ондай ұстаным жоқ. Заңнама дамыған сайын бұл мәселе шешілетін болады. Бәлкім, мұндай норманы Конституциядан алып тастау қарастырылатынын жоққа шығармаймын», - деп жауап берді Есқараев.

Айта кетейік, Қазақстан Конституциясының 94-бабында әлі де вице-президент туралы айтылған. Елімізде вице-президент лауазымы 1991-1996 жылдар аралығында ғана болған. Бұл қызметті атқарған алғашқы және жалғыз адам – Ерік Асанбаев. Ол 2004 жылы дүниеден өтті.

Пікірлер