Қоғамдық бақылау күшейсе ғана нәтиже, сапа болатыны сөзсіз - депутат Мұқаев

2193
Adyrna.kz Telegram

ҚР Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев Қазақстанан сыртқа шығарылған және жемқорлардан тәркілерген қаржы жайлы пікір бірдіріп, ұсыныс айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

ҚР Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев шетелге заңсыз шығарылып, жемқорлардан қайтарылған қаржы жайлы сөз қозғады:

- Қазіргі уақытта шетелдерге заңсыз шығалыпып,  жемқорлардан тәркіленген ақшалардың жалпы сомасы (қаржы министрінің айтуынша) 670 миллиард теңгеден асқан.  Бұл ақша ел игілігі - соның ішінде мектеп салуға, мектептің жөндеу жұмыстары мен жабдықтарын алуға жұмсалады. Бұның бәрі қуантарлық жайт, - деді автор.

Дегенмен депутат қайтқан қаржынының орынды жұмсалуын бақылау үшін өз ұсынысын білдірді:

Бірақ, сол ақшаның қайтадан желініп кетпеуіне кім кепіл? "Жемқорлардың ақшасы желініп жатыр" деген жаңалық естімес үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан арнайы сайт ашылу керек. Яғни, халық (біз) ақшаның қанша, қайда кетіп жатқанын кез келген уақытта онлайн түрде бақылай алатындай мүмкіндік болу керек. "Ооо, осынша сома мына мектепке, мына жерге (көшеге) осындай жылы мектеп салынады, мынша ақша анда бөлінді, қалғаны осы" деп біліп отыруымыз тиіс. Тіпті, сол мектептерді салатын мердігерлерге дейін... Бізге ашықтық керек! Қоғамдық бақылау күшейсе ғана нәтиже, сапа болатыны сөзсіз, - деді депутат.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер