Алматыдағы ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Қаңтар оқиғасына байланысты 6 жылға сотталды

2824
Adyrna.kz Telegram

Өз қызметін асыра пайдаланғаны үшін жазықты болған Алматыдағы ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы 6 жылға сотталды. Ол Алмалы аудандық сотының үкімімен билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Соттың мұндай үкім шығаруына тікелей Қаңтар оқиғасының қатысы бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

Бұрынғы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы М. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлімі бойынша 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылды. Сот 6 жылға бас бостандығына бұғалық салды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Негізінен алғанда Алматы ҰҚКД экс-бастығы ол бір жылдан астам уақыт бойы тергеу изоляторында болған. Ол 2022 жылдың 5 қаңтарында, Қаңтар оқиғасы кезінде, отбасын алып, Алматыдан кетіп қалған. Сонымен қатар, ҰҚКД-ның барлық қызметкерлерін таратып,  үйлеріне қайтуға бұйрық берген.

Орайы келгенде айта кетейік, кеше Түрксіб ауданының сотында Алматы әуежайы желілік полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Талғат Тәліповқа қатысты да сот үкімі шықты.

Ол қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот қазысы сотталушыны 5 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан, сондай-ақ 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұдан бөлек ол полиция подполковнигі атағынан айырылды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер