Алматыда "Сұңқар" трамплинінде әлемдік деңгейде ауқымды жарыс өтеді

4670
Adyrna.kz Telegram
365info.kz
365info.kz

"Сұңқар" шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені 13 Мамырда ең ерікті экстремалдар үшін бірегей турнир өткізілетін орынға айналады.

Шаңғы трамплиндерінде Қазақстан аймағында жыл сайын ауқымды әрі жоғары деңгейде жарыстар өтеді. Бұл жолы Республикада төзімділікке, күш пен батылдыққа арналған ерекше жарыс дәстүрлі түрде Алматыда өткізілмек. Қатысушылар небәрі 400 метр қашықтықты еңсеруі керек, бірақ спорттық шараны қиындату үшін жаңа талаптар мен тапсырмалар ойластырылып жатыр. .

Жеңімпаздарды қымбат сыйлықтар күтеді. Жеке және командалық есепте үздік үштікке енген қатысушылар марапаттарға ие болады.

Биылғы жылы жарыс алтыншы рет өтеді және оған қатысқысы келетіндердің саны әр маусымда артып келеді. Алғаш рет 300-ге жуық адам жарысқа қатысқан, бұл жолы олардың саны артпақ. Тауға тік көтерілу оңай емес. Спортшының импульсі минутына 200 соққыға дейін жетеді, ал жарыс кезінде қан айналымы әдеттегіден 8 есе жоғары. Сондықтан жүгіруші биіктікке шабуыл жасап қана қоймай, нағыз ерік-жігер емтиханынан өтеді"- дейді RB 400 бас судьясы Тимур Артюхин.

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарына орай арнайы салынған. 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы универсиада кезінде де бұл трамплиндер қайтадан спорт додасыны қанаған қазанына айналды. «Сұңқардың» спорттан бөлек мәдениетке де сіңірген еңбегі зор. Аты аңызға айналған «Алматы ең алғашқы махаббатым» ретро-фестивалі де «Сұңқар» қанатының астында өтті.Кешеннің жалпы ауданы 15137 шаршы метр, ашық стадионның сыйымдылығы 5200 көрермен, үлкен трамплиндердің биіктігі 125 және 90 метрді құрайды.Трамплин кешені 2 бөлімнен тұрады.

Пікірлер