“Шағала-М” сыналды. Нәтиже қандай?

2236
Adyrna.kz Telegram

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жаңғыртылған «Шағала-М» ұшқышсыз ұшатын аппаратын сынақтан сәтті өткізді, деп хабарлайды "Адырна" порталы ҚР Индустрия министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңарту кезінде құрылғының тактикалық және техникалық сипаттамалары жақсарды, атап айтқанда: оның жылдамдығы, биіктігі және ұшу қашықтығы.

«Қазақстан инжиниринг» АҚ басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов ұшқышсыз ұшу аппаратының кеңінен қолданылатынын, оны іздестіру-құтқару жұмыстарында тікұшақпен емес, мұнай құбырларын, газ құбырларын және электр желілерін бақылау үшін және төтенше жағдай кезіндегі байланыс және бақылау үшін қадағалаушы ретінде пайдалануға болатынын атап өтті.

«Артықшылығы Шағала-M-ге ұшу-қону жолағы қажет емес. Құны шетелдік аналогтарға қарағанда арзанырақ. Өнімді өткізу үшін сертификаттар – СТ-KZ, өнеркәсіптік сертификат және сәйкес патент алынды», - деді «R&D Center Kazakhstan Engineering» ЖШС бас директоры Ғани Байсейітов.

2023 жылы ҚР Индустрия министрлігі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдалану қағидаларын әзірледі. Ол әуе кеңістігін пайдалану тәртібін ғана емес, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын есепке алуды, санаттауды және оларға рұқсат беруді де реттеуге тиіс.

Өз кезегінде «Қазақстан инжиниринг» авиациялық оқу орталығының базасында азаматтық дрондар мен коптерлердің қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ұшқыштар мен механиктерді даярлау бағдарламасын іске қосады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер