2 млн теңге. Іле-Алатау паркінде от жаққан туристерге айыппұл салынды

2331
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы ТЖМ
Фото: Алматы ТЖМ

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде үш-ақ күннің ішінде туристерге 700 млн теңгеге айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, биыл өрт қауіпі бар кезең басталғалы бері 20-ға жуық адам әкімішілік жауапқа тартылды. Олардың ішінде алтауы 2 млн 70 мың теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді. 690 000 теңге айыппұлы үш-ақ күнде салынды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 367-бабы (Ормандардағы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы өрт қауіпсіздігі мен санитариялық қағидалар талаптарын бұзу) бойынша жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (345 000 теңге) көлемінде айыппұл салу жазасы қарастырылған, делінген хабарламада.

Қазіргі кезде құтқарушылар полициямен бірге рейдтік шаралар жүргізіп отырады. Оған парк мамандары мен еріктілер де қатысады. Ал өрт ошақтарын ерте анықтау және рұқсат етілмеген жерде өрт жағу фактілерін анықтау үшін тепловизорлар мен дрондар қолданылады.

Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді.

Негізгі ережелер:

от жақпау;

тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолдану;

темекі қалдықтарын тастамауды;

күн сәулесімен тез тұтанатын бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа тұрмыстық қалдықтарды қалдырмау;

шөптің үстіне от жақпау;

Пікірлер