Досаевтың Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында жарық өшіп қалды

2247
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Шаһар басшысы жиналған халықпен тілдесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Әкім Медеу ауданында жаңа 1200 орындық мектеп пен 500 келушіге арналған емхана салынатынын атап өтті. Айтуынша, қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, жиын сағат 9.00-да басталды. Кездесу аясында электр жарығы өшіп қалды.
6-Электр тораптары ауданының мәлімдеуінше, жарық белгісіз себептермен сөнген.

Пікірлер