Депутат Тұрлыхановтың ұлы тұтас министрлікті аяғынан тік тұрғызды

1392
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрлігі Дәулет Тұрлыханов ұлының әскери бөлімнен қашқанын растады, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме көрсете отырып.

"2023 жыл, 2 шілде күні Қонаев гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде қызметін өтеп жатқан қатардағы жауынгер Б.-ны қамауға алу мерзімі аяқталған еді. Ол кейін әскери қызметшінің жанында еріп жүруіне қарамастан белгісіз жерде жасырынып қалды. Мұның барлығы әскери бөлімнің орналасқан жеріне барған кезде болған болды (бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тартқаны үшін ұсталып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды)",- делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Қазір аталған оқиға бойынша қызметтік тергеу қолға алынған.

Естеріңізге сала отырайық, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашқаны туралы хабарланған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер