Шымкентте жол үстінде есірткі қолданғандар ұсталды - ІІМ

2215
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте "есірткі" қолданған көлік жолаушысы жол камераларына түсіп қалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Toyota Camry көлігінің алдыңғы орындығында отырған жас жігіт бағдаршамда тоқтап түрған сәтте, банкнотты түтікке айналдырып, мұрнымен ұнтақ тәрізді затты жұтқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Шымкент Полиция департаменті (@police_shymkent)

 

Кезекші қызметкерлер дереу патрульдік полицияға хабарлаған. Көлік Назарбеков көшесінің бойында төрт минутта ұсталды.

"Тексеру кезінде көлік салонынан марихуана салынған қағаз бума және мефедрон салынған екі полиэтилен пакеті табылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  «24 жастағы күдікті үйқамаққа алынды, өзін дұрыс ұстауы керек», - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер