Қазақстандық спортшы көркем жүзуден қола медаль жеңіп алды

1767
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким көркем жүзуден жарыста қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” порталы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Эдуард Ким Қазақстанға 2023 жылғы су спортынан әлем чемпионатында алғашқы медаль әкелген спортшы.
Ол ақтық сайыста 216 ұпай жинап, үшінші орынға көтерілген.

«Ерлердің техникалық соло» дисциплинасында Эдуард Ким алдын ала орындау нәтижесі бойынша бесінші орынға иеленіп, финалға жолдама алған еді. Финалдағы нәтижесімен ол үздік үштікке кіре алды.

Спортшының жеке бапкері Жанна Демченконың айтуынша, қазақстандық спортшы Эдуард жақында 18 жасқа толады.

Көркем жүзуден алтынды испандық Фернандо Диас Рио Сото 224 555, күміс жүлдені америкалық Кеннет Гаудет 216 800 ұпаймен иеленді.

Әлем чемпионаты 14 шілдеде Жапонияның Фукока қаласында басталып, 30 шілдеге дейін жалғасады. Жер шарының түкпір-түкпірінен келген спортшылар жүзу, су добы, ашық суда жүзу, суға секіру және көркем жүзу бойынша 74 медаль жиынтығын сарапқа салмақ. Қазақстаннан әлем чемпионатына спорттың төрт түрінен 50 спортшы аттанғанын естеріңізге саламыз.

Пікірлер